RU
Толық нұсқаға өту

Иран: АҚШ кемесіне екі ракета аттық

05.05.2026, 07:24 29

Иран АҚШ кемесін Ормуз бұғазынан өткізбей қойды. Мұны Ислам революциясы сақшылар корпусы мәлімдеді. 

«Джаск порты маңында Құрама Штаттар теңіз күштеріне ескерту жасадық. Алайда әскери кеме тоқтаған жоқ. Сондықтан жауға қарсы екі зымыран аттық», - дейді. Десе де Америка әскерилері мұны растамады. Ешқандай кемеміз шабуылға ұшыраған жоқ деп отыр. АҚШ Ормуз бұғазында қаңтарылып қалған кемелерді босату операциясын кеше бастады. Президент Дональд Трамп: «Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысы жоқ біраз ел көмек сұрады», - деп мәлімдеді. Сондай-ақ Ақ үй басшысы Иранмен арадағы ахуалды «шағын соғыс» деп атады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz