«Иран АҚШ кемелеріне шабуыл жасаса, жер бетінен жойылады». Дональд Трамп Fox «News»-ке берген сұхбатында осылай деп ескертті.
Бұл мәлімдеме АҚШ кемелерінің «Project Freedom» операциясына қатысты айтылған. АҚШ-тың орталық қолбасшылығы операцияға «басқарылатын зымырандармен жабдықталған эсминецтер, 100-ден астам құрлықтық және теңіз базасындағы әуе кемелері, көпсалалы пилотсыз платформалар және 15 мың сарбаз жұмылдырылады» деп жариялады. Алайда Иран тарапы бұғаздағы қозғалысты Тегеран басқарады деген пікірде. Ақ үй басшысы бұл орайда өртенген кореялық кемені меңзеп, Сеулді де миссияға қосылуға шақырды. Оңтүстік Корея әзірге ресми түрде жауап бермеген.
Оливия Уэльс, Ақ үй өкілі:
- АҚШ Ормуз бұғазында коммерциялық кеме қатынасының еркіндігін қалпына келтіруге бағытталған гуманитарлық бастаманы жүзеге асырып жатыр және сонымен қатар Иран порттарына қатысты теңіздік блокаданы сақтап отыр. Иран бейбіт коммерциялық кемелерге шабуыл жасауды таңдаған кезде АҚШ халықаралық қауымдастық атынан тәуекелді өз мойнына алып, жаһандық сауданы қорғап, бұғазда қалған кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп жатыр.
Тегтер #Трамп #Иран #кемелерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz