RU
Толық нұсқаға өту

Лейпцигте екі адамды көлік таптап кетті

05.05.2026, 11:37 44

Германияның Лейпциг қаласында 33 жастағы жергілікті азамат көлікпен екі адамды таптап кетті. Екеуі де сол жерде жан тапсырған. 

Тағы 20-ға жуық тұрғын жараланған. Билік олардың екеуінің халін ауыр дейді. Қайғылы оқиға қаланың орталығындағы болған. Джип көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншілер жолындағы адамдарды қаққан. Қазір жүргізуші қамауға алынған. Прокуратура қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға тұрмыстық кикілжіңнен туындаған. Тергеу жүріп жатыр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz