Израиль атысты тоқтату келісіміне қарамастан Ливан аумағына әуе соққыларын жалғастырып жатыр.
Жаңа шабуылдар барысында елдің оңтүстігіндегі бірнеше қала атқыланып, Тир ауданына әуеден соққы жасалған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, кейбір соққылар тұрғын үйлерге тиген. Қирандылардың астында адамдар болуы мүмкін. Оқиға орындарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, Ливандағы шабуылдар нәтижесінде 2 мың 702 адам қаза тауып, жараланғандар 8 мыңнан асты.
Тегтер #Израиль #Ливан #Таяу Шығыс #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz