RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ азаматтарын Ирактан кетуге шақырды

06.05.2026, 09:32 46

АҚШ билігі азаматтарына Ирак аумағынан тез арада кетуді ескертті.

Себеп ретінде Иран тарапынан шабуыл жасалуы мүмкін екені көрсетілген. Бұл туралы Бағдадтағы Америка Құрама Штаттарының елшілігі Икс ((X)) әлеуметтік желісінде хабарлады. Ескертуде әуе соққысының америкалық кәсіпорындарға, жоғары оқу орындарына, дипломатиялық мекемелер, энергетикалық инфрақұрылым, қонақүйлер мен әуежайларға бағытталуы мүмкін екені жазылған. Сондай-ақ елшілік Иракта жүрген АҚШ азаматтарына елден мүмкіндігінше тезірек кетуді, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімдемелерді бақылап отыруды және ас-суын артығымен алып қоюды ұсынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz