RU
Толық нұсқаға өту

Иран Сыртқы істер министрі Қытайға барды

06.05.2026, 13:46 38

Бүгін Иран Сыртқы істер министрі Қытайға барды.

 Ал, келесі аптада Бейжіңге Америка басшысы ат басын тірейді. Аббас Аракчи қытайлық әріптесі Ван Имен бұл сапарға бір апта қалғанда кездесті. Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің басқосуы 14 және 15 мамыр аралығына жоспарланып отыр. Екі жақ Таяу Шығыстағы шиеленіс пен Ормуз бұғазы жайын талқылайды. Құрама Штаттардың Қаржы Министрінің айтуына қарағанда, Ақ үй басшысы Иран мәселесіне Бейжіңнің араласуын сұрауы мүмкін. Өйткені Қытайдың Ислам Республикасымен қарым-қатынасы жақсы. Сондай-ақ бұған Бейжіңнің өзі де мүдделі, дейді Скотт Бессент. Себебі Қытай мұнай мен газдың көп бөлігін Ормуз бұғазы арқылы тасымалдайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz