RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Иран бір-бірін тағы шабуылдады

08.05.2026, 07:33 52

АҚШ пен Иран арасындағы шабуыл қайта күшейді. Әуелі АҚШ Ирандағы бірқатар әскери нысанға соққы берді. 

Іле-шала Иран да АҚШ-тың әскери-теңіз күштеріне қарымта шабуыл жасады. Тегеран арадағы келісімге қарамастан, Америка күштерінің мұнай танкерлері мен Ормуз бұғазындағы кемелерге, сондай-ақ азаматтық нысандарға зақым келтіргенін айыптап отыр. Ал АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мұны жоққа шығарып, шабуылдардың қорғаныс мақсатында жасалғанын алға тартады. Осыған дейін президент Дональд Трамп Иран келісімге келуден бас тартса, шабуыл қарқыны күшейетінін ескерткен болатын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz