Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнатпақ. Парсы шығанағы жөніндегі басшылық бекіткен құжат бойынша әр кеме жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет болуы міндетті.
40 тармақтан тұратын декларацияда жүк жөнелтушілерге қатаң талаптар бар. Кеменің атауы, тіркеу нөмірі, қай елден шықты, қайда бағыт алған, экипаж мүшелері, қандай жүк тиелгені жөнінде тағы басқа ақпараттар, кеме жолға шықпас бұрын электронды поштамен жіберілуі керек. Тар өткелден өткісі келген кез келген кеме алдымен осы шарттарды орындауға тиіс. Әйтпесе шабуылға ұшырауы мүмкін.
Тегтер #Иран #Ормуз #жаңа тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz