RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қытайдың екі экс-қорғаныс министрі жемқорлық үшін өлім жазасына кесілді

08.05.2026, 13:06 82

Қытай Халық Республикасының бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу сыбайлас жемқорлық ісі бойынша өлім жазасына кесілді. Алайда үкімді орындау кейінге қалдырылған. Бұл туралы «24KZ» Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот шешіміне сәйкес, өлім жазасын орындауды кейінге қалдырудың екі жылдық мерзімі аяқталғаннан кейін үкімді жеңілдетуге немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жол берілмейді.

Екі экс-министр де пара алу және пара беру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ олардың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды.

Вэй Фэнхэ Қытайдың қорғаныс министрі қызметін 2018–2023 жылдары атқарған. Ал Ли Шанфу бұл қызметке 2023 жылдың наурызында тағайындалып, сол жылдың қазан айына дейін жұмыс істеген.

Ресми мәліметке сәйкес, Вэй Фэнхэ пара алғаны үшін, ал Ли Шанфу пара алғаны және бергені үшін айыпталған.

Қытайда соңғы жылдары әскер мен жоғары лауазымды мемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды тексерулер жүргізіліп келеді

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz