RU
Толық нұсқаға өту

Трамптың 10% салығы заңсыз деп танылды

08.05.2026, 19:20 74

АҚШ-тың Халықаралық сауда мәселелері жөніндегі федералдық соты Дональд Трамптың әлем елдеріне енгізген 10 пайыздық салығын заңсыз деп таныды.

Bloomberg агенттігі сот шағын кәсіпорындар мен 20 штаттың ұжымдық арызын қолдағанын айтады. Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, арыз түсірген қалған аймақтар әлі үкімнің шыққанын күтіп отыр. Өйткені олар өнімдерді тікелей импорттамайды. Естеріңізге сала кетейік, тарифтер ақпан айының соңында 150 күнге енгізілген болатын. Сот бұл істе президент өз өкілеттігін асыра пайдаланды деп үкім шығарды. Салынған салық тауарлардың күрт қымбаттауына әкелген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz