RU
Толық нұсқаға өту

Германия термоядролық станса салады

08.05.2026, 19:30 66

Германия әлемде алғаш рет коммерциялық термоядролық электр станса салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы канцлер Фридрих Мерц сауда-өнеркәсіп палаталарының съезінде мәлімдеді.

Ол елде электр қуатының өндірісін нығайту және бағаны төмендету қажет екендігін алға тартады. Бұл ретте неміс билігі жоғары технологияларға негізделген жобаларға басымдық беріп отыр. Жақында үкімет газ өндіру қуатын еселейтін жаңа нысандарға инвестиция салмақ ниетте. Мерцтің айтуынша, термоядолық энергетика өнеркәсіп саласын арзан әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге негіз болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz