Нидерландтың круиздік кемесінде болған екі британ азаматынан хантавирус анықталды. Бұл туралы Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі хабарлады.
Қазір науқастардың бірі Оңтүстік Африкада, екіншісі Нидерландта ем қабылдап жатыр. Ресми дерекке қарағанда, тағы бір жолаушы вирус жұқтырған болуы мүмкін. Ол да дәрігерлердің бақылауында. Енді кеме 10-шы мамырда Тенерифе аралына жетеді. Жергілікті Сыртқы істер министрлігі британ азаматтарын арнайы рейспен елге қайтаруды жоспарлап отыр. Кейін жолаушылар 45 күнге оқшауланбақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Нидерланд #хантавирус #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz