АҚШ-та жаңартылатын энергия көздерін дамыту қарқыны баяулай бастады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұған Дональд Трамп әкімшілігінің жаңа шектеулері әсер еткен.
Соның салдарынан күн панельдері мен таза энергия өндіретін зауыттардың құрылысы бәсеңдеген. Батарея мен электромобиль өндірісіне салынатын инвестиция көлемі де азайып жатыр. Мамандардың айтуынша, қытайлық технологияларға арналған салықтық жеңілдіктердің қысқаруы компанияларға тиімсіз. Осыған байланысты біраз зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ТрампPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz