RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда 12 полиция қызметкері қаза тапты

10.05.2026, 15:10 33

Пәкістанның солтүстік-батысында лаңкестік әрекет кезінде, ішіне мина толтырылған көлік жарылды. Салдарынан 12 полиция қызметкері қаза тапты.

Оқиға полиция пунктінің аумағында болған. Шабуылды "Иттихад-ул-Муджахидин» тобы ұйымдастырған. Бұл Кашмирдегі лаңкестер ретінде танылған топ. Жағдай Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас ушыққан тұста тіркелді. Ақпан айында Исламабад "Талибан" қозғалысын содырларды жасырды деп айыптап, Кабул аумағына әуеден соққы берген болатын. Тәліптер бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz