Тегеран Вашингтонның шарттарын «капитуляцияға» бағалады. Сондай-ақ Ислам Республикасы ядролық нысандарын қорғауға әзір екенін мәлімдеді.
Tasnim агенттігінің дерегі бойынша, Тегеран Құрама Штаттардан Ормуз бұғазының өз бақылауында қалуын, санкциялардан босатуды, бұғатталған активтерін қайтаруды және төлемақы талап етіп отыр. Бұдан бөлек, Иран порттарын блокададан босатып, әлемдік нарықта мұнайымызды еркін сатқымыз келеді дейді.
Ал АҚШ Президенті Дональд Трамп Ислам Республикасы билігінің мәлімдемесін қатаң сынады. Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде: «Мен Иранның жауабын оқыдым. Бұл – қабылдауға келмейтін ұсыныс», - деп жазды. Осыған дейін Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эсмаил Бакаи Тегеран соғысты осымен тоқтатуға бейіл екенін мәлімдеген еді. Оның айтуына қарағанда, бұл мәселе тек Иран үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін маңызды.
Тегтер #АҚШ #Иран #ұсынысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz