Израиль АҚШ-тың әскери көмегінен бас тартуға ниетті. Мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяху америкалық CBS News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, Құрама Штаттардың Тель-Авивке жылда көрсететін әскери көмектің көлемі – 3,8 млрд доллар. Израиль үкімет басшысы 10 жылда қаржылай көмекті тоқтатуға бейіл екенін жеткізді. Браун университеті зерттеу орталығының дерегі бойынша, 2023 пен 2025 жылдар аралығында АҚШ Израиль әскеріне 22 млрд доллар берген. Осы жылдары ЦАХАЛ Газа секторында қарулы операция жүргізген еді.
Тегтер #Израиль #АҚШ #әскери көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz