RU
Толық нұсқаға өту

Хантавирус тараған кеме жолаушылары өз елдеріне қайта бастады

11.05.2026, 10:05 32

Бортында хантавирус тараған круиз кемесі Испанияның Канар аралдарына жетті. Жолаушылардың алғашқы легі арнайы рейспен өз еліне қайта бастады. 

Ал Испания азаматтары Мадридтегі әскери ауруханаға жеткізілді. Олар 45 күнге каратинде болады. Өйткені қауіпті инфекцияның белгілері 9 аптаға дейін байқалмауы мүмкін. Жолаушыларды эвакуациялауға 23 мемлекет атсалысты. Алайда бұған жергілікті тұрғындар алаңдап отыр. Өйткені хантавирустың Аднес деп аталатын түрі адамнан адамға жұғуы мүмкін. Алайда негізгі тасымалдаушылар – кеміргіштер. Десе де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы індет коронавирус секілді кең таралмайды деп отыр. Круиздік лайнер сапарын өткен айда Аргентинадан бастаған. Эпидемиологтар вирус осы елдегі қоқыс полигонынан жұғуы мүмкін деп санайды. Бірнеше жолаушы хантавирус жұқтырғаны белгілі. Олардың үшеуі көз жұмды. Екеуі нидерландтық ерлі-зайыптылар болса, біреуі – Германия азаматы.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz