Apple компаниясы жаңа өнімдерін таныстырады, деп хабарлайды «24KZ».
Bloomberg мәліметтері бойынша, 2026 жылдың қыркүйегінде Тим Кук компания басшысы қызметінен кетіп, оның орнына Джон Тернус келеді.
Басты жаңалықтардың бірі - компания тарихындағы алғашқы жиналмалы iPhone әзірлеген. Құрылғы Тернус қызметке кіріскеннен кейін, екі аптадан кейін ұсынылады деп жоспарланған.
Икемді смартфонды әзірлеу кезінде компания корпустың беріктігіне, жоғары өнімділікке және iPad-қа ұқсайтын көлденең экран пішінге ерекше назар аударған. Құрылғының алдын ала құны 2000 доллардан басталады.
Тегтер #Apple компаниясы #iPhone #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz