Испанияның Тенерифе аралынан алты жолаушы мен шамамен 19 экипаж мүшесі арнайы рейспен Эйндховен қаласына эвакуацияланған.
Енді олар өз елдеріне қайтар алдында Нидерландта 45 күндік карантиннен өтеді. Операция барысында 94 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жолаушыларды эвакуациялауға 23 мемлекет атсалысты. Круиздік лайнер сапарын өткен айда Аргентинадан бастаған. Эпидемиологтар вирус осы елдегі қоқыс полигонынан жұғуы мүмкін деп санайды. Індет басталғалы бері кемеде үш адам көз жұмды. Екеуі нидерландтық ерлі-зайыптылар, біреуі Германия азаматы.
Тегтер #хантавирус #Нидерланд #кеме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz