Қытай Жапониядан қауіптеніп отыр.
Көрші ел ресми Токионы әскери қуатын арттыруға шамадан тыс басымдық берді деп айыптап, қатаң ескерту жасады. Қытай қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Цзян Бинь Жапония аймақтық бейбітшілікке қауіп төндіріп тұр деп мәлімдеді. Бұған Жапонияның премьер-министрі Такаичидің Вьетнам мен Австралияға сапары кезінде осы елдерді қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырып, Үнді-Тынық мұхиты аймағына қатысты жаңа тұжырымдама ұсынуы түрткі болған. Күншығыс елінің мұндай әрекеті Қытайдың «қытығына» тиіп отыр.
Цзян Бинь, Қытайдың қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Біз Жапония билігінің «еркіндік пен ашықтық, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық» деп сылтауратып қарама-қайшылық тудырып, өзге елдердің стратегиялық қауіпсіздігі мен мүдделеріне нұқсат келтіруге итермелейтін әрекетіне үзілді-кесілді қарсымыз. Біз жапон билігін әскери мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған қауіпті мүддесінен бас тартуға шақырамыз.
Тегтер #Қытай #Жапония #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz