Палестинада 2025 жылдан бері 70 бала қаза тапты. Олардың 93 пайызы Израиль әскерінің шабуылдары салдарынын қыршын кеткен.
Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері мәлімдеді. Олардың есептеуінше, Палестина жерінде аптасына 1 баладан көз жұмып отырған. Тағы 850 жеткіншек жараланды. Израиль билігі ЮНИСЕФ-тің бұл мәлімдемесі бойынша әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар палестиналықтарға қарсы Израиль әскерінің ғана емес, сонымен қатар еврей қоныстанушылары тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттерінің күшейгенін айтады.
Джеймс Элдер, ЮНИСЕФ өкілі:
- Балалар Иордан өзенінің батыс жағасы, Шығыс Құдыс және Газа секторындағы әскери операциялар мен заңсыз қоныстанушылар тарапынан аяусыз шабуылдарға ұшырап жатыр. Сонымен бірге, бұл шабуылдардың ұйымдасқан, жоспарлы және жүйелі түрде іске асып жатқанын байқаймыз. Балаларды ату, пышақтау, ұрып-соғу және бұрыш шашу оқиғалары ресми түрде хатталды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Палестина #балалар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz