RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-тың соғыс шығыны $29 млрд-ға жуықтады

13.05.2026, 08:00 38

АҚШ-тың Иран соғысындағы шығыны 29 млрд долларға жуықтады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Пит Хегсет Конгрестің Өкілдер палатасындағы тыңдау кезінде мәлімдеген.

Оның айтуынша, шығынның артуына әскери құрал-жабдықтарды жөндеу және ауыстыру қажеттігі себеп. Жалпы Пентагон 2027 жыл үшін 1,5 трлн доллар қаржы бөлуді сұрап отыр. «Рейтер» агенттігі «бұл тарихи бюджет сомасы» деп бағалады. Естеріңізге сала кетейік, Хегсет осыдан 2 апта бұрын Өкілдер палатасы мен Сенат алдында «Ирандағы ұрыс қимылдарына 25 млрд доллар жұмсалды» деп есеп берген болатын. Енді жарты айдың ішінде бұл шығын 4 млрд долларға өсіп отыр. Ал «Нью Йорк Таймс» газеті «Иранға қарсы соғыс шығыны 50 млрд долларға жетуі мүмкін» деп жазды. 

Пит Хегсет, АҚШ Қорғаныс министрі:

- Біз қарулы күштерімізді барлық америкалықтар мақтана алатындай жоғары деңгейде қайта жасақтап жатырмыз. Бұл қарсыластарымыздың бойына қорқыныш ұялатып, одақтастарымыздың сенімін нығайтады. Біздің президентіміз Иранда ешқашан ядролық бомба болмауы керек деген маңызды миссияны атқарып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz