Әлем қырғиқабақ соғыс, сауда дауымен жүргенде ормандар жойылып барады. Кейінгі 10 жылда жасыл желек 40 миллион гектарға қысқарған.
Бұл Біріккен ұлттар ұйымының дерегі. Сарапшылардың айтуынша, басты себеп – ауылшаруашылығы жерлерінің кеңеюі, ағашты заңсыз кесу және урбандалу үдерісі. Адамзаттан келген зияннан бөлек, өрт де жиілеген. Қазір орман қорының жартысынан көбі бес мемлекетке тиесілі. Яғни Ресей, Бразилия, Канада, АҚШ және Қытайда шоғырланған. Ал орман азайған сайын, климаттың өзгеруі үдей түседі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #соғыс #қауіпсіздік #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz