АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік сапармен Бейжіңге барды.
Рейтердің хабарлауынша, оны әуежайда Қытай төрағасының орынбасары Хань Чжэн мен басқа лауазымды тұлғалар қарсы алды. Ақ үй басшысына ұлттық ұлан сарбаздары мен екі елдің туларын ұстаған адамдар құрмет көрсетті. Бұл Трамптың Қытайға кейінгі 10 жылда жасаған алғашқы сапары. Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен негізгі кездесу 14-15 мамырға жоспарланған. Сарапшылардың пайымдауынша, тараптар ұзақ уақыттан бері дау болған мәселелерді талқылайды. Олардың қатарында фентанил жеткізу, америкалық тауарларды Қытай нарығына кедергісіз кіргізу, сирек металдар экспортына шектеулер жайы және әлемдегі ең ірі екі экономика арасындағы сауданы тұрақты дамыту бар. Таяу Шығыстағы жағдай да күн тәртібінде тұр.
Тегтер #Трамп #Қытай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz