Үндістан билігі алтын мен күміске баж салығын 6-дан 15 пайызға дейін көтерді.
Рейтер агенттігінің мәліметінше, бұл ұлттық валютаны тұрақтандыруға бағытталған шара. Өйткені таяуда рупий құнсызданып кетті. Бұған әлемдегі геосаяси ахуал мен мұнай бағасының қымбаттауы әсер етті. Жергілікті инвесторлар арасында алтынға сұраныс артқан. Кейбір дерек бойынша Үндістандағы қарапайым тұрғындардың қолында 3,8 трлн доллар көлемінде алтын бар. Бұл ЖІӨ-нің 89 пайызына тең. Ал елде кен орындары жоқ. Сондықтан бағалы металды сырттан тасымалдайды.
Тегтер #Үндістан #алтын #24KZ #Иранмен соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz