Израильге жақтасып, Иранға оқ атқандар жазасын алады. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі әлеуметтік желіде осындай мәлімдеме жасады.
Таяуда Израиль үкіметі Иранға қарсы операция кезінде премьер-министр Биньямин Нетаньяху Араб Әмірліктеріне жасырын барып қайтқаны туралы ақпарат таратты. Аббас Аракчидің айтуына қарағанда Тель-Авив онсызда белгілі мәліметті жалпақ жұртқа жария етіп отыр. Ол осыған байланысты, Израильмен бірігіп, Иранға қарсы шығу кешірілмейтін әрекет екенін ескертті. Ал Эр-Рияд Израиль жариялаған мәліметті қауесет деп Тель-Авивпен кездесулер ашық жүргізілетінін жеткізген. Бұл орайда жасырын кездесетіндей ешқандай құпия келісім жасаған жоқпыз деп отыр.
Тегтер #Иран #БАӘ #ескертуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz