Үндістан көмірден газ өндіру жобасына 4 миллиард доллар бөледі. Бастама Таяу Шығыстағы тұрақсыздық аясында елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуді көздейді.
Осы жоба арқылы Үндістан сұйытылған газ, аммиак және метанол импортына тәуелділікті азайтуды көздейді. Ал өндірілетін синтетикалық газ электр энергиясын өндіруге, тыңайтқыш пен мұнай-химия саласына пайдаланылады. Ресми дерекке сәйкес ел жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін көмір өңдеуді көздейді. Бұл үшін салаға шамамен 3 триллион рупий инвестиция тартылуы мүмкін.
Тегтер #Үндістан #көмір #газ өндірісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz