RU
Толық нұсқаға өту

Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың кездесуі басталды

14.05.2026, 11:25 45

Бірер сағат бұрын Бейжіңде төрткүл дүние көз тіккен алып держава басшыларының кездесуі басталды. 

Қытай төрағасы Си Цзинпинь Ақ үй басшысын бар сән-салтанатымен қарсы алды. Әскерилер сап түзеп өткеннен кейін президент Трампты Халық Жиналысы үйінің төріне шығарды. Ақ үйдің қазіргі басшысы Қытай жеріне араға 9 жыл салып келіп тұр. Сарапшылар тараптар Тайвань мен Иран мәселесінен бөлек америкалық тауарларды Қытай нарығына кедергісіз кіргізу, сирек металдар экспорты мен сауданы тұрақты дамытудың жайын талқылауы мүмкін деп топшылайды. Қытай төрағасы Дональд Трампты Тайваньға қатысты дұрыс саяси шешім қабылдауға шақырды. Әйтпесе, стратегиялық арал үшін Вашингтонмен қарым-қатынасын бұзуға дайын екенін аңғартты.

Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:

- Қытай мен АҚШ тату болса, бүкіл әлем экономикасы жақсарады. Сондықтан біз бір-бірімізге бәсекелес емес, серіктес болуымыз қажет. 2026 жыл Қытай мен АҚШ қарым-қатынасы тарихи жаңа кезеңге аяқ басады деп сенемін.  

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Екеуіміз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Осы уаққа дейін біраз мәселені телефон арқылы шештік. Өйткені бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Сіздің досыңыз болу – мен үшін үлкен мәртебе. Келешекте АҚШ пен Қытай арасы жақсара түседі деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz