RU
Толық нұсқаға өту

«Хезболла» ұйымын қолдаған топ анықталды

14.05.2026, 13:29 44

Біріккен Араб Әмірліктерінде «Хезболла» ұйымын тікелей және жанама қаржыландырған бес компания анықталды. 

Оның сыртында тағы 16 адам лаңкестікке қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл жайында әмірліктің басты ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Дубайдағы меншікті тілшіміз Рауан Мыңбай хабарлады. Ресми дерекке сай күдіктілер Ливан азаматтары. Олар әмірлікте өкілдік ашып, «Хезболламен» арада делдал болған. Логистикалық және қаржылық қызметтер жүргізген. Күмәнді ақша аударымдарын жасаған. Енді бұл мекемелердің есепшоты бұғатталып, мүліктері тәркіленді. 

Салех Әлхатлан, «Gulf» зерттеу орталығы төрағасының бас кеңесшісі:

- Иранның шығанақ елдеріндегі прокси күштері мен қарулы топтары аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп отыр. Сирия, Ирак, Ливан және Йемендегі жағдай осы сөзіме дәлел. Кешегі шабуылдар кезінде «Хезболланың» жақтастары Ирактан біздің мемлекеттерге қарай дрон ұшырғаны да жасырын емес. Сондай-ақ олар шығанаққа өз өкілдерін жіберіп, стратегиялық нысандарға қатысты дерек жинаған. Тіпті диверсия немесе терактіге оқталған деген де жорамал бар. Осының бәрін ескерсек, қауіптің алдын алған дұрыс. Күмәнді дүниелер толық тексерілуі шарт.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz