RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Қытай Ормуз бұғазы мәселесін талқылады

14.05.2026, 19:40 42

«Ормуз бұғазы халықаралық кеме қатынасы үшін ашық болуы керек». Бейжіңде өткен келіссөз кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин осындай ортақ ұстаным білдірді.

Бейжің теңіз дәлізін ақылы етуді қолдамайтынын ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар энергетикалық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Қытай америкалық мұнай импортын арттыруға ниет білдіріп отыр. Тараптар алдағы үш жылға арналған сындарлы қатынас қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасы бойынша келісімге келді. Кейін АҚШ президентінің құрметіне ұйымдастырылған кеште Трамп Си Цзиньпинді Вашиңгтонға шақырды. Бұл сапар 24 қыркүйекке жоспарланған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz