БҰҰ Сирияға гуманитарлық көмекті екі есе қысқартты. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметі бойынша бұған АҚШ-тың қаржыландыруды азайтуы себеп болды.
Осы айда Сирияға 650 мың доллардың азық-түлігі жеткізілді. Бір ай бұрын оның көлемі 1 млн 300 мың доллар еді. Гуманитарлық көмек 14 аймақтың тек жетеуіне таратылды. Бұған қоса, Сириядағы 300 наубайханаға субсидия беру тоқтады. Қазір Сирияда 7,2 млн адам ішерге ас таппай отыр. Халық аштан қырылып қалмауы үшін жарты жылда 189 млн доллар қажет - дейді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сирия #БҰҰPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz