Үндістанның Уттар-Прадеш штатында дауыл салдарынан 104 адам опат болды. Құрбандардың көбі құлаған үйлердің қабырғалары мен опырылған ағаштардың астында қалып қойған.
"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, аймақта бірнеше күн бойы жауған жаңбыр мен бұршақ соңы алапат тасқынға ұласып, найзағай түскен. Қолайсыз күн райынан 87 тұрғын үй қирады. 114 бас мал қырылып қалды. Үндістанның солтүстігінде әдетте наурыз бен маусым аралығында күшті жел тұрып, нөсер құяды. Штат басшысы құрбандар мен зардап шеккендердің отбасына 1 күннен кешіктірмей өтемақы төлеуді тапсырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Үндістан #тасқын #дауылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz