RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та 48 мың гектар орман аумағы өртеніп кетті

14.05.2026, 20:10 22

АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы орман өрттері әлі де тоқтар емес. Ең күрделі жағдай Флорида штатында қалыптасқан.

The New York Times басылымының мәліметі бойынша тілсіз жау 48 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде бір адам қаза тапты. Қазір құтқару қызметтері өрттің шамамен 40%-ын ғана бақылауға алды. Қуаңшылық пен қатты жел жалынның тез таралуына себеп болып отыр. Қауіпсіздік мақсатында билік өрт аймағына жақын жолдар мен демалыс орындарын жапты. Синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын болады деп болжап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz