RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп: Иранға қарсы соғыс жалғасады

15.05.2026, 07:38 60

Иранға қарсы соғыс жалғасады.

Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды. Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады. Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған. "Мен билікке келгелі  АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды",- деп жазды ол. Сосын бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған. Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында "Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады" деп те атап өткен. Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын айтқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz