RU
Толық нұсқаға өту

Үндістанда дауылдан көз жұмған адам саны 111-ге жетті

15.05.2026, 09:23 40

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында дүлей дауылдан қаза тапқандар саны 111 адамға жетті.

Түнде құтқарушылар тағы 7 кісінің мәйітін тапқан. 50-ден астам тұрғын жараланды. "Рейтердің" хабарлауынша, құрбандардың дені құлаған қабырға, ағаштардың астында қалып, көз жұмған. Жалпы 90-ға тарта тұрғын үй қирап қалды. Жүзден аса мал қырылған. Зардап шеккен аудандарда полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Билік қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетуді қолға алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz