RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп: Қытай Иранға қару бермейді

15.05.2026, 19:15 34

Қытай Иран мәселесін шешуде көмегін ұсынды. Мұны Президент Дональд Трамп америкалық «Фокс Ньюс» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Ақ үй басшысы: «Бейжің Ормуз бұғазының ашылғанын қалайды. Сондықтан көмектескісі келеді», - дейді.

Си Цзиньпин Иранға қару бермейтінін айтты. Бұл – өте маңызды мәлімдеме. Осы мәселе туралы бүгін сөйлестік. Нақты, шегелеп айтты. Қытай – Иран мұнайының ірі тұтынушысы. Соны жалғастырғысы келеді. Сондықтан Ормуз бұғазы ашылса дейді. Мен оларға: «Бұғазды жапқан біз емес. Олар жапты, біз оларды тек тоқтаттық», - дедім. Қытайға бұғаз арқылы өту ақылы болғаны ұнамайды. Десе де расымен Иранға ақы төлей ме, жоқ па, бұл жағын білмеймін. Егер төленіп жатса, ақша қайда кетіп жатыр? Иранның экономикасы күйреуге шақ тұр ғой.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz