RU
Толық нұсқаға өту

Конгода Эбола індетінен 65 адам көз жұмды

15.05.2026, 23:05 35

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті белең алды. Дерттен көз жұмғандар саны 65-тен асты.

240-тан астам адам вирус жұқтырды деген күдікпен бақылауға алынған. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осыған байланысты көрші елдермен шекаралық бақылауды күшейту мәселесі талқыланып жатыр. Мамандар Уганда және Оңтүстік Суданмен шекара маңындағы халық миграциясы вирустың таралу қаупін арттырып отырғанын айтады. Эбола вирусы адамнан немесе жануарлардың қаны мен биологиялық сұйықтығы арқылы таралады. Ауру жоғары температура, құсу және қатты әлсіздікпен өтіп, көп жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz