АҚШ-тың Принстон университеті 133 жылда алғаш рет емтихан тапсыру ережесін өзгертті.
Өйткені тест тапсырмаларын жасанды интеллект көмегімен орындайтын студент көбейген. Бұрын ұстаздар емтихан барысын мүлде қадағаламайтын. Студенттер өз бетінше тапсыратын. Алайда былтыр жүргізілген сауалнама жастардың 30 пайызы дайын жауапты нейрожеліден көшіретінін көрсеткен. Сондықтан университет басшылығы 1893 жылы қабылданған ар-намыс кодексіне түзету енгізді. Енді 1 шілдеден бастап Принстон университетінде емтиханды мұғалімдердің өздері қабылдайды.
Тегтер #АҚШ #ЖИ #университет #ережеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz