RU
Толық нұсқаға өту

Израиль мен Ливан бітім мерзімін ұзартты

16.05.2026, 12:00 269

Израиль мен Ливан атысты тоқтату режимін тағы 45 күнге ұзартады. Вашингтонда өткен келіссөздер нәтижесінде тараптар осындай келісімге келді.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Қос ел делегациясы маусымның 2-сі мен 3-і тағы кездесу өткізеді. Айта кетейік, Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыс наурыз айында қайта күшейді. Ал атысты тоқтату режимі алғаш рет 16 сәуірде жарияланған еді. Бірақ кейін Ливан аумағында атқылау қайта жалғасып, ресми Бейрут Израильді бітімді бұзды деп айыптаған болатын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz