RU
Толық нұсқаға өту

Қажылыққа аттанғандар Мәдинаға жетті

16.05.2026, 19:33 47

Қазақстандық қажылардың алғашқы легі Сауд Арабиясының Мәдина қаласына жетті.

Жақын күндері Мекке жерінде мұсылмандар асыға күтетін «Зүл хижжа» айындағы қасиетті құлшылық басталады. Оған әдеттегідей жер жүзінен миллиондаған адам жиналып, үлкен қажылық парызын өтейді. Соның 4 мыңы елімізден барады. Қажылық миссиясының төрағасы мен басқа да жауапты мекеме мамандары отандастарымызды әуежайдан қарсы алып, қонақжайларға орналастырды. Алдағы күндері елдің тағы бірқатар өңірінен қажылар тобы барады. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі басты назарда. Сапар барысын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бақылайды.

Кенжетай Байкемелұлы, Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти:

- «Шымкент-Мәдина» бағытында ұшқан қазақстандық 166 отандас қажыларымызды қарсы алып отырмыз. Қажылар Мәдина қаласындағы әуежайға аман-есен келіп қонды. Көңіл-күйі жақсы. Миссия құрамындағы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. 

Биыл бес парыздың біріне баланған рәсімдер мамырдың 25-і мен 30-ы аралағында толығымен атқарылып бітеді. Ең негізгісі, Арафат жазығында және Құрбан айт күні Қағба маңында орындалады. Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған қажылық миссиясы сапар кезінде бес түрлі қызмет көрсетеді. Солардың ішінде ұйымдастыру-үйлестіру, уағыз-насихат және пәтуа беру сынды маңызды бағыттар бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz