Ирак Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспортын шамамен тоғыз есе қысқартты. Биыл сәуір айында теңіз дәлізі арқылы 10 миллион баррельге жуық мұнай жеткізілген.
Ал қақтығыстар басталғанға дейін бұл көрсеткіш 90 миллион баррельден көп болатын. Енді ел шикізат өндіру қуатын тәулігіне 5 миллион баррельге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл бағытта ресми Бағдад ОПЕК және ОПЕК+ ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастырмақ. Бұған дейін Ирак билігі ұйым құрамынан шығуға ниетті емес екенін және әлемдік энергия ресурстары бағасын тұрақтандыруға бағытталған бастамаларды қолдайтынын мәлімдеген еді.
Тегтер #Ирак #мұнай #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz