RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Сомалиде азық-түлік таусылып жатыр

17.05.2026, 11:09 32

Сомалиде жақын күндері азық-түлік таусылуы мүмкін. Қазірдің өзінде халықтың 33 пайызына тамақ жетіспейді. 

Бұл – шамамен 2 миллион адам. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері осылай деп дабыл қағып жатыр. Дағдарыстың қалыптасуына ұзаққа жалғасқан қуаңшылық, қарулы қақтығыстар, жанармай мен азық-түлік бағасының аспандауы, сонымен қатар халықаралық қаржыландырудың қысқаруы себеп. Таяу Шығыстағы тұрақсыздық кесірінен кеме қатынасының шектелуі де логистика мәселелерін туындатты. Әсіресе Бурхакаба ауданында жағдай күрделі. Мұндағы балалардың 37 пайызы аштыққа ұшыраудың аз-ақ алдында тұр. Сарапшылар шұғыл шаралар қабылдауға шақырып әлек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz