Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе кеңістігін 3 дрон бұзып кірді.
Ұшқышсыз аппараттарды қай ел ұшырғаны белгісіз. Абу-Даби билігі анықтап жатырмыз, деп мәлімдеді. Дрондардың екеуін қағып түсірген. Ал біреуінің сынығы "Барака" атом электр станциясы аумағындағы генераторға тиіп, өрт шықты. Ресми мәлімет бойынша, ауаға радиация тарамаған. Станса жұмыс істеп тұр. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік басшылығы жағдайды жіті бақылап отырғанын жеткізді. Сауд Арабиясы шабуылды қатаң айыптады. Эр-Рияд мұны аймақтағы тұрақтылыққа төнген қауіп деп бағалады. Сондай-ақ Әмірліктерге көмегін де ұсынды. Ресми Абу-Даби ешбір елді әлі айыптаған жоқ. Бірақ, осы айда АҚШ Иран порттарын қоршауға алғаннан кейін Иранның шабуылдары жиілегенін атап өтті.
Тегтер #әмірліктер #дрон құлады #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz