RU
Толық нұсқаға өту
Фото: kaktus.media

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің ісі сотта қаралып жатыр

18.05.2026, 15:06 216

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК басшысы Қамшыбек Ташиевке қатысты Бішкектің Первомай аудандық сотында  алдын ала тыңдау жүріп жатыр, деп хабарлайды «24KZ» KaktusMedia-ға сілтеме жасап.

Адвокат Икрамидин Айткуловтың мәліметінше, Қырғызстанның Бас прокуратурасы Ташиевке қатысты айыптау актісін бекіткен. Бұрынғы шенеунікке билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Ташиевпен бірге тағы жеті адам айыпталушы ретінде тіркелді.

Қорғаушының айтуынша, қылмыстық іс құпияланған. Сондықтан сот отырыстары жабық форматта өтеді және тергеу мен сот материалдарын жариялауға тыйым салынған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz