Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында төтенше жағдай жариялады.
Өйткені бұл елде Эболаның қауіпті штаммы – Бундибуджио вирусы тіркелді. Инфекцияның бұл түріне қарсы әзірге вакцина жоқ. Індет көрші Угандада да тарай бастаған. «Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қатерлі дерттің бақылаудан шығу қаупі жоғары», - дейді. Себебі Конгода қарулы қақтығыстардың тоқтайтын түрі көрінбейді. Гуманитарлық дағдарыс та ушығып тұр. Ал вирустың нақты емі жоқ. Кейінгі дерек бойынша, Эбола вирусынан 80 адам көз жұмды. Тағы 246-ы жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бақылауды күшейтуге, зертханаларды көбейтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Тегтер #ДДСҰ #Конго #төтенше жағдай #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz