RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға қарсы соғысты 1-2 күнге шегерді

19.05.2026, 07:50 56

АҚШ Иранмен арадағы соғысты 1-2 күнге шегерді. Мұны Президент Дональд Трамп мәлімдеді.

Әйтпесе Құрама Штаттар Ислам Республикасына қарсы шабуылды бүгін жалғастырамыз деп отырған. Ақ үй басшысы бұл уақытша үзіліс екенін ескертті. Бірақ шиеленісті келіссөз арқылы шешуден әлі де үмітті. "Бәрін бомбаламай, мәселені реттесек, тіпті жақсы, - деді Президент Трамп. Оның айтуына қарағанда Сауд Арабиясы, БАӘ және Қатар Вашингтоннан соғысты шегеруді өтінген. Үш елдің өтініші бойынша, әскери операцияны уақытша тоқтаттық, - дейді. Ақ үй басшысы бұл орайда Иранның кейінгі келісім жобасын қабылдағысы келмейтінін жеткізген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz