RU
Толық нұсқаға өту

Куба президенті АҚШ санкцияларын геноцидке теңеді

19.05.2026, 11:40 45

Куба Президенті АҚШ-тың Гаванаға қарсы санкцияларын геноцидке теңеді.

Мигель Диас-Канель: "Вашингтон мұнай тасымалын тоқтатып қана қоймай, елге азық-түлік, дәрі-дәрмек және гигиена құралдарының кіруін шектеді деп айыптады. Ал бұл әрекетін - геноцид деп атап, халықаралық қауымдастықты Құрама Штаттарды жауапқа тартуға шақырды. Кеше Вашингтон Кубаға қарсы экономикалық қыспақты күшейтті. Яғни қара тізімге Барлау басқармасы мен бірнеше шенеунік ілікті. АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша олардың арасында әскери құрылымдардың басшылары да бар. Биыл қаңтарда Президент Трамп Кубаға мұнай жеткізетін елге баж салығын енгізетінін ескертті. Қазір Кубада жанармай қоры таусылды. Сөйтіп халық тас қараңғыда қалды.      

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz