Әлем интернетсіз қалуы мүмкін. Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін суасты интернет кабельдерін пайдаланғаны үшін әлемдік технологиялық компаниялардан төлем алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «24KZ» CNN-ге сілтеме жасап.
Тегеран билігі Google, Microsoft, Meta және Amazon секілді ірі компанияларды Иран заңнамасына бағындыруды көздейді. Сонымен қатар суасты кабельдерін тартумен айналысатын компанияларға лицензиялық алым енгізіп, кабельдерді техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тек ирандық фирмаларға бермек.
Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Эбрахим Зольфагари әлеуметтік желіде:
Біз интернет кабельдері үшін ақы аламыз, Бұған келіспесе, Тегеран билігі бұл кабельдерді қиып тастаймыз, деп мәлімдеген.
Сарапшылардың айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы Еуропа, Азия және Парсы шығанағы арасындағы интернет трафигі мен қаржылық операциялардың үлкен бөлігі өтеді. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген кедергі жаһандық цифрлық жүйеге әсер етуі мүмкін.
Amazon, Microsoft, Google сынды технологиялық алпауыттар Парсы шығанағында жылдар бойы деректер орталығын салып келген еді. Яғни, қазір әлемдік интернет трафиктің 30 пайызы Қызыл теңіз бен Ормуз бұғазы арқылы өтеді. Егер бұл байланыс желілері шектелетін болса, Азия мен Еуропа арасындағы ақпарат алмасу тоқтайды.
Habtoor Research Center зерттеушісі Мостафа Ахмедтің пікірінше, егер суасты кабельдеріне шабуыл жасалса, бірнеше құрлықта “цифрлық апат” туындауы ықтимал. Бұл халықаралық сауда мен интернет байланысының баяулауына әкелуі мүмкін.
Алайда TeleGeography компаниясы Ормуз бұғазы арқылы өтетін кабельдер әлемдік интернет өткізу қабілетінің 1 пайызынан азын ғана құрайтынын мәлімдеді.
Тегтер #Иран #Ормуз бұғазы #интернет #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz