RU
Толық нұсқаға өту

Нигерияда 39 бала мен жеті мұғалімді ұрлап кетті

19.05.2026, 22:33 116

Нигерияның оңтүстік-батысында қарулы топтар 39 оқушы мен жеті мұғалімді ұрлап кетті.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Шабуыл үш білім беру мекемесіне, яғни колледж бен екі бастауыш мектепке жасалған. Қаскөйлер оқу ісінің меңгерушісін және кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғынды атып өлтірді. Кейін кепілде отырған тағы бір мұғалімді мерт қылды. Құтқару операциясы барысында арнайы жасақ жарылғыш құрылғыларға тап болды. Салдарынан құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері жарақат алды. Ақпарат құралдары алты күдіктінің ұсталғаны жөнінде жазды. Алайда ұрланған балалар әлі де тұтқында. Оларды босату бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz