Илон Маск OpenAI негізін қалаушылар Сэм Альтман мен Грег Брокманға қарсы сот ісінде жеңіліп қалды. Алқабилер кәсіпкер талап-арызды тым кеш берген деген шешім шығарды.
Соттың мәліметіне қарағанда, Маск шағымды тек 2024 жылы түсірген. Ал тараптар арасындағы келіспеушілік 2017 жылдан басталған. Заң бойынша оның өз талабын қоюға үш жыл уақыты болған. Соған қарамастан кәсіпкер сот шешімімен келіспейтінін айтып, апелляцияға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, Маск – OpenAI-дың алғашқы инвесторларының бірі. Ол жобаға 44 миллион доллардан астам қаржы құйған. Десе де 2018 жылы компания басшылығымен келіспеушілікке байланысты директорлар кеңесінен кеткен.
Тегтер #Илон Маск #OpenAI #сот ісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz